Сүйінші!
2015 жылы еліміз қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетін болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қаласының активімен кездесуінде айтты.
Сөзбе-сөз келтірсек, былай: " Керей мен Жанібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды және қазақтардың мемлекетілігі осы тұстан шежіресін бастайды. Мүмкін, ол қазіргі шекарамызбен, қазіргі бедел-абыройымызбен, мемлекеттіліктің қазіргі түсінігіндегі мемлекет болмаған шығар. Бірақ, сол дәуірдің басқа да мемлекеттері туралы осылай айтуға болады. Бастысы, сол кезде негіз қаланды және біз - бабаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз".
Өскеменге келіп бүлдіргі жасамақ болған Илья Азардың мақаласынан кейін бұл жанға май жаққандай болды десең ә (жәй бальзам на душу дегенді аударып))
Сонымен бірге Елбасы Қазақстанның тәуелсіздігін сақтау қасиетті борышымыз екенін де айтты. "Кезінде Американның көптеген үндістерін туған жерлерінен қуғындады немесе түрлі басқыншылар қырып бақты. Тегі үндіс бір кинорежиссерге "Байлық дегеніміз бақыт па?" деп сұрақ қойғанда, ол "Қолымда бар және басқа адамдарда бар байлықты халқымның бір күндік тәуелсіздігіне айырбастар едім" деп жауап беріпті. Сондықтан, бізге тәуелсіздігімізді бағалау керек", - деді Президент
Ал сіздер ПУтинге жауап бермеді ә, жауап бермеді дейсіздер)
Orken Kenzhebek